spot_img
Сенбі, Желтоқсан 6, 2025
-1.4 C
Kokshetau

Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерлері басшылықтың қорлауын диктофонға жазды

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем станциясы бастығының қарамағындағылармен сөйлескен сөзінің жазбасы тарап кетті.Қарағандыдағы жедел жәрдем дәрігерлері басшылықтың қорлығына шағымданады, оны жұмыстан шығаруға тырысып жатыр, деп хабарлайды sputnik.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

 

Басшыны жұмыстан босату туралы өтінішке барлығы 17 дәрігер мен фельдшер қол қойды. Олардың бірі журналистерге оқиға туралы айтып берді.

«Бізді қорлай бастады. Нанды адал еңбекпен таппайсыңдар, жезөкшелер деді. Мұнда көбіміз ошақ иесі, анамыз. Жиналыстан кейін мен қатты ауырдым, өзіме келе алмадым», – дейді қызметкер.

Диктофон жиналыс кезінде бірден қосылмады, бірақ әдепсіз сөздер көп болған «әңгіменің» бір бөлігін жазып алды. Бұл ретте жедел жәрдем станциясының басшылығы этиканы бұзу фактісін жоққа шығармайды. Алайда балағат сөздерді қорлық деп санап отырған жоқ.

«Жедел тергеу қызметкерлері ұсынған материалдар фактісі бойынша осы қызметкерге сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылды. (Қорлау) – мен мұны естіген жоқпын», – дейді» Қарағанды облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК директоры Зульфикор Әбілқасымов.

Алайда дәрігерлер алған бетінен қайтпақ емес. Тұрақты «этиканы бұзу» мен өздеріне қатысты мұндай әрекеттерге енді төзбейміз деп отыр.

«Біз оның қысымынан, оның ұятсыздығынан шаршадық. Біз министрлік пен Қарағанды қаласы әкімінің бізді естігенін қалаймыз», – дейді олар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика