spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
10.8 C
Kokshetau

Теңіз кенішінде 39 мың жұмысшы қысқартылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңа жылдың алғашқы үш айында 7 мың жұмысшы қысқартылады. Оның үш мыңға жуығы Атырау облысының тұрғындары. Келесі жылы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады, деп хабарлайды sputnik.kz.

Кен орнындағы «Келешек кеңею» жобасының аяқталуына байланысты жұмыстан босайтындардың 45 проценті атыраулықтар екен. Енді келер жылы өңірде жұмыссыздар саны күрт өсуі мүмкін, деп жазды Хабар 24.

Жаңа жылдың алғашқы үш айында 7 мың жұмысшы қысқартылады. Оның үш мыңға жуығы Атырау обылсының тұрғындары. Десе де, «Теңізшевройл» компаниясы жұмыссыздар санының күрт өсіп кетпеуі үшін шаралар қолға алынып жатыр.

«Келешек кеңею» жобасын жүзеге асыру барысында 16 мыңнан астам адам компания есебінен оқытылыпты. Ал жұмыспен қамту басқармасындағылар жұмыстан босағандардың екі қолына бір күрек табылады деп отыр.

«Қысқарған жағдайда, өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы он екі мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай химия кешені саласында инвестициялық жобалар жоқ емес. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобаларды да атап өтуге болады. Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз», – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img