spot_img
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
-1.8 C
Kokshetau

СҚО шекара қызметі Ресейге мұнай өнімдерін өткізуге шектеу қойылғандығын ескертті

Сондай-ақ...оқыңыз
Солтүстік Қазақстан облысының шекара қызметі департаменті мемлекеттік шекара арқылы Қазақстаннан Ресейге мұнай өнімдері мен ағаш материалдардың бірқатар түрін өткізуге шектеу қойылғандығын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, ҚР мемлекеттік шекарасының өткізу бекеттері арқылы Ресейге мұнай өнімдерінің кей түрлерін, соның ішінде сұйытылған мұнай газын, бензинді, дизель отынын өткізуге шектеу қойылған. Сондай-ақ ағаш материалдардың бірқатар түрін де шетке шығаруға рұқсат жоқ. Талапты орындамай, шекарадан өткізуге тыйым салынған заттармен ұсталғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар. СҚО-да биыл 13 мамыр күні «Жаңа Жол» автомобильмен өткізу бекетінде шекарашылар ресейлік азаматтарды ұстады. Олар 1100 литр дизель отынын ыдыстарға құйып, алып өтпек болды. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласының ардагерлері референдумді қолдайды

Белсенді ұзақ өмір орталығында ардагерлермен кездесуде өңір басшысы Марат Ахметжанов референдум өткізудің тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, барлық қызықтырған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика