Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың тоғыз айында Қазақстанда туризмнің дамуы туралы деректерді жариялады. Kaz.tengritravel.kz порталы жағдайдың қалай өзгергенін баяндайды.
Қазақстанға келу туризмі пандемия салдарынан енді ғана қалпына келе бастады. Осы жылғы тоғыз айда қонақүйге немесе басқа да орналасу орындарында қызмет көрсетілген шетелдіктер саны 208 536 адамды құрады, бұл 2019 жылдың деңгейінен төрт есе аз – 752 757 турист. Айта кетейік, 2020 жылғы пандемия кезінде дәл осы кезеңде бұл көрсеткіш 196 705 адам болған.
Деректерге сәйкес, туристер арасында ең танымал қазақстандық өңір Алматы болып шықты. Тоғыз айда резидент емес азаматтарда орналастыру орындарында 95 704 қызмет көрсетілді. Нұр-Сұлтан қаласына 51 416 турист, яғни екі есе аз адам келді. Үшінші орында – Шымкент, 9 862 турист. Әрі қарай:
Қостанай облысы – 9 805 адам;
Маңғыстау облысы – 8 975;
Қарағанды – 6 455;
Батыс Қазақстан облысы – 4 683;
Павлодар – 4 014;
Шығыс Қазақстан – 3 953;
Ақтөбе – 3 786;
Атырау – 2 450;
Солтүстік Қазақстан – 2 191;
Ақмола – 2 162;
Түркістан – 1 151;
Алматы облысы- 963;
Жамбыл – 836;
Қызылорда – 130.
Ішкі туризм де айтарлықтай өсімді көрсетіп отыр. Биыл 9 айда орналастыру орындарында қызмет көрсетілген қазақстандық келушілердің саны (4 091 394 адам) 2019 жылдың осы кезеңінің көрсеткіштеріне дерлік жетті (4 865 790 адам). Айта кетейік, пандемияның бірінші жылында бұл көрсеткіш екі есе төмендеп, 2 555 996 адам болған.
«Саяхат-Time» Telegram-арнасының жазуынша, статистикалық есеп жүргізудің барлық кезеңіндегі ең жоғары деректер ішкі туристердің, әсіресе ұлттық парктер мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келушілердің жалпы саны бойынша тіркелген.
«Мемлекеттің назар салуының арқасында жаңа туристік нысандар ашыла бастады. Өткен жылдан бастап туристер тұратын 200-ге жуық жаңа орын ашылды. Жалпы, бір уақытта бүкіл ел бойынша 191 мыңнан аса адамға орын табылады», – делінген хабарламада.
Қазақстандықтар арасында ең танымал бағыттар Алматы (842 940 адам), Нұр-Сұлтан (524 490), Алматы (522 269) және Шығыс Қазақстан облыстары (392 469) болғанын атап өткен жөн.