spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.8 C
Kokshetau

Алматыда әлеуметтік желідегі видеодан кейін Lexus жүргізушісі жауапқа тартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін көлік тізгіндеген әйел жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейінгі аптада жүргізушілердің бірі түсірген видео Instagram-да тарады. Видеода ер адам жолда өткізбей тұрған Lexus көлігін тізгіндеген әйелге шағымданады.

«Ол «мен – полиция қызметкерімін» дейді. Міне, осындай адамдар да болады. Кедергі оң жақта, бірақ ол жібергісі келмейді», – делінген видеода.

«Мені де түсіріп алды. Егер көліктегі қыз полиция қызметкері болса, оның логикасы бойынша, қозғалыс ережелеріне мән бермей, барлық жерде жол беру керек пе?», – делінген видеодағы жазбада.

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында видео жарияланғаннан кейін полицейлер жүргізушінің жеке басын анықтағанын жазды. Ол 1980 жылы туған әйел болып шықты.

«Азаматша Т. ӘҚБтК туралы ҚР 614-бабы 1-бөлігінде көзделген («Көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау») бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – деп жазды Әбдірахманов.

Ол құқық қорғау органдарының қызметкері ме деген сұрақты Алматы ПД бастығының орынбасары нақтыламады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Орындаусыз қалған келісімшарт: Департамент шешкен даулы жағдай

Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғынынан жиһаз тапсырысының сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты шағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика