spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ҚР Президентінің атына шет мемлекеттер басшыларынан жеделхаттар түсуде

Сондай-ақ...оқыңыз
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 
Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяның Президенті Мун Чжэ Ин корей халқының атынан жүрекжарды құттықтауын жолдаған.
«Елдеріміз түрлі сала бойынша ынтымақтастықты дамытып келеді. Атап айтқанда, біздің өзара алмасқан сапарларымыз және генерал Хон Бом Доның мүрдесінің тарихи отанына қайтарылуы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі тереңдеуіне мүмкіндік берді деп санаймын. Келесі жылы мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтіледі. Екі ел арасындағы көп жылдық достық қатынастарды одан әрі дамытып, халықтарымыздың байланыстары мен ықпалдастығын тереңдете береміз деп сенемін», – делінген жеделхатта.
Сингапур Президенті Халима Якуб өз құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, екі мемлекет арасында тығыз ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік бар екенін атап өткен.
«Сингапур мен Қазақстан жоғары деңгейдегі берік әрі жеке байланыстар арқылы бекемделген шынайы достық қатынас орнатқан. Халықаралық сауданың негізгі транзиттік тораптары ретінде екі елдің орналасқан стратегиялық орнын ескере отырып, жүк тасымалы байланыстарын дамытуға өзара мүдделіміз», – деп жазған Сингапур Президенті. Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян да өзінің құттықтауы мен игі тілектерін жолдай отырып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы маңызды жетістіктерін атап өткен. «Біздің өзара күш-жігеріміз Армения мен Қазақстан арасындағы табысты ынтымақтастықты екіжақты форматта да, интеграциялық қауымдастықтар мен көпжақты ұйымдар аясында да одан әрі дамытуға бағытталатынына сенімдімін. Мұның бәрі екі ел халықтарының мүддесін көздейді», – делінген жеделхатта.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Оман Сұлтаны Хайсам Бин Тариқ, Непал Президенті Бидхья Деви Бхандари, Австралияның Премьер-министрі Скотт Моррисон, Израильдің бұрынғы Премьер-министрлері Биньямин Нетаньяху және Эхуд Ольмерт, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валовая, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, Ресей Федерациясы Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин, «Mabetex Group» компаниясының президенті Африм Паколли және басқалар өз құттықтауларын жолдады. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Қазақстан халқының атына ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар легі бұған дейін де түскен болатын. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img