spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.8 C
Kokshetau

Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Жергілікті полиция қайғылы оқиғаны тергеуді бастады, сот сараптамасы жүргізіледі.Әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы хабар тарады. Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты Sputnik Қазақстан тілшісіне ақпарат берді.

«Біз, «Лесхоз» аулының, «Надежда», «Эдельвейс» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары тиісті органдардың назар аударуын сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап тастады. Біз қауіпті аймақта (қоқыс тастайтын аймақ) тұратындықтан үнемі қаңғыбас иттердің шабуылына тап болып отырмыз», – деп жазды жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Тиісті сот сараптамасы тағайындалып, мән-жайды толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат әзірше таратылмайтыны айтылды.

Біраз бұрын Атырауда қала сыртында төрт ит жасөспірім қызды талап тастағаны хабарланды. Жәбірленуші ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20211218/18921037/oskemen-bala-itter.html

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Орындаусыз қалған келісімшарт: Департамент шешкен даулы жағдай

Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өңір тұрғынынан жиһаз тапсырысының сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты шағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика