spot_img
Бейсенбі, Қаңтар 15, 2026
-21.8 C
Kokshetau

Жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады: екі адам көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз
Полицияда хабарлағандай, автобус жүргізушісі дер кезінде тежегішті баспай, соның салдарынан тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Ақтөбе облысының тас жолында 12 адам мінген вахта автобусы КамАЗ-бен соқтығысты. Жол апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды sputnik.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өліміне алып келген жол апаты 17 желтоқсанда, сағат 18:45-те,  Темір қаласына жақын маңда, Покровка – Жаңажол тас жолында болғанын хабарлады.

«Мұнай компаниясына тиесілі ПАЗ маркалы автокөліктің (салонда 12 адам болған) елу тоғыз жастағы жүргізушісі Покровка – Жаңажол автожолының 13-километрінде қозғалысқа қауіп пен кедергі келтіретін жағдай туындаған сәтте жылдамдықты бәсеңдетпей, жол жиегінде тұрған жартылай тіркемесі бар КамАЗ автокөлігіне соғылды», – деп жазылған полиция ұсынған ақпаратта.

Жол апатынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен Қандыағаш орталық ауруханасына жатқызылды. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында шомылу мерекесіне арналған 56 орын дайындалды

18–19 қаңтар күндері Ақмола облысында дәстүрлі шоқыну мерекесіне арналған суға түсу рәсімі өтеді. Тұрғындар арнайы жабдықталған мұз ойықтарында құтқарушылар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика