spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
10.2 C
Kokshetau

Аялдамада тұрған үш оқушы қыз жарақат алды: полиция 9 күдіктіні ұстады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұсталғандардың біреуі кінәсін мойындады, полиция одан қылмыс құралын тәркіледі. Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске сала кетсек, 15 желтоқсанда кешкі сағат 18.00 шамасында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам ауылында бір топ ер адам жанжалдасып, қару қолданған. Салдарынан аялдамада тұрған үш жасөспірім оқтың ұшқынынан жарақат алды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігі бойынша (Адам өлтіруге оқталу) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 күдіктіні анықтап, ұстады. Бұдан бөлек, кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде оқ атқан негізгі күдікті құрықталды. Ол кінәсін мойындады. Тәртіп сақшылары одан қылмыс құралын тәркіледі.

9 күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалып, олар қамауға алынды. Тиісті сот сараптамалары белгіленді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілген. Олардың біреуі сол күні қайтарылса, қалған екеуі дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазіргі кезде жасөспірімдердің жағдайы тұрақты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика