spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
23.2 C
Kokshetau

17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыс циклон жырасының ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, төмен бұрқасын күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысының солтүстігінде 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында төменгі бұрқасын, батысында 15-20 м/с жел тұрады. Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Қызылорда, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктері аудандарында, түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктері аудандарында, Алматы облысының таулы аудандары мен шығысында тұман күтіледі, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Алакөл көлдерінің ауданында, түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында 15-20 м/с жел күшейеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика