spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Нью-Йоркте Қазақстанның көк туы желбіреді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірқатар елде салтанатты шаралар өтті. Солардың бірі АҚШ-та ұйымдастырылды.  Бүгін әлемнің қаржы орталығы саналатын әйгілі Уолл-Стритте Қазақстанның көк туы желбіреді. Салтанатқа Нью-Йорктегі ағайын – қазақ диаспорасының өкілдері, шеттен келген қандастар жиылды. Айтулы шара тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алмат Айдарбеков, ҚР Нью-Йорк қаласындағы бас консулы:

– Егемендік бабаларымыз аңсаған және иісі қазақ бәрінің қуанышы. Әрине, Қазақстанның Нью-Йоркте тұрып жатқан азаматтары белсенді ат салысып жатыр. Және осы 30 жылдықта Қазақстан мен АҚШ арасында терең стратегиялық қарым-қатынас орнады. Сондықтан бұл жерде біздің отандастарымыздың да үлесі зор. Соларға арналып отыр.

Боулинг Грин

– Бұл америкалықтар үшін тарихи орын. Осы ауданда көкке көтерілген туымыз бір апта бойы желбіреп тұрмақ. Байрақтың ені 2.44, ал ұзындығы 3.66 см. Елші мен америкалық тараптаың айтуы бойынша, салтанатты ту көтеру рәсімі Қазақстан пен АҚШ арасындағы тығыз дипломатиялық қарым-қатынастың нышаны іспетті.

Ибрагим Куртулус, Bowling Green қауымдастығының вице-президенті

– Бұл тамаша шара. Қазақстанның туын көтеру америкалықтар үшін де маңызды. Халыққа Қазақстан туралы ізденіп, білуге көмектеседі деп ойлаймын. Мен өзім түрік-америкалықпын және бұл менің де туым, өйткені қазақ пен түріктер екі түрлі ұлт болғанымен, бір халық. Демек біздің түбіміз бір.

Егемендіктің 30 жылдығына арналған іс-шаралардың тағы бірі Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінің ғимаратында өтті. Бұл кешке дипломаттар ғана емес кейінгі ұрпақ – олардың балалары да қатысты.

Арнайы сурет көрмесінен бастап, музыкалық қойылымдар мен Алаш қайраткерлерінің шығармаларын оқыған жас буын өз өнерімен көпшілікті тәнті етті. Тәуелсіздікке тарту мұнымен аяқталған жоқ. Тұрақты Өкілдіктің орталық залында қазақ үшін қастерлі саналатын шаңырақтың көркем бейнесінің салтанатты ашылуы өтті. Осылайша жұмыс бабымен жырақта жүрген отандастарымыз киелі шаңырақтың астында бас қосты.

Мағжан Ілиясов, ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

– Енді Тұрақты Өкілдіктің ғимаратына келген шетелдік қонақтарымыз Қазақтың қасиетті шаңырағын көріп, оның астында болады. Бұл туындыны салған – осындағы қызметкерлеріміздің бірі. Жалпы 30 жылдықтың қарсаңында Қазақстан көптеген жаһандық мәселелерді шешуге белсенді ат салысып жүрген мемлекет ретінде танылып отыр. Мысалы, ядролық қарусызданудан бастап, өзге де жаппай қырып-жою, қарулардың қолданылуын тоқтату жолында ат салысуда.

Манат Төлегенов, шаңырақ бейнесінің авторы, ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктің қызметкері:

– Шаңырақты салуға бас-аяғы 3 аптадай уақыт кетті. Жұмыстан бос уақытымда осында келіп арнайы бояумен шаңырақтың бейнесін сала бастадым. Шаңырақ біз үшін қашан да ыстық ұғым ғой және біздің қызметкерлеріміз шаңыраққа қарау арқылы сәл де болсын Отанында жүргендей әсер алады деген үміттемін. Жалпы шетелде жүргенде ұлттық колориттің болуы ерекше қуантады. Қазақстан тәуелсіздігін атап өту Калифорния, Филадельфия және Массачусетс сияқты өзге де штаттарда да жалғасуда. Жырақта жүрсек де егемендігіміздің 30 жылдығын атап өту азаматтық борышымыз өйткені тәуелсіздік біз үшін қымбат ұғым дейді америкадағы қазақтар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img