spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Сағынышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес»: Қазақстанда 25 жыл тұрған Түркия азаматы қазақ елін ерекше құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Желіде ширек ғасырға жуық уақытын Қазақстанда өткізген Орхан Өзтомсук есімді Түркия азаматының сахна төрінде қазақша ән шырқаған видеосы жарияланды. Одан бөлек, ол қазақ еліне жүрекжарды тілегін жолдап, Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны Facebook желісіндегі парақшасына жүктеген Нұрбол Төлебаевтың айтуынша, Өзтомсук қазақ еліне 17 жасында келіп, ширек ғасырға жуық уақытын осында өткізген. Бүгінде Орхан Ұлыбританияда тұрады. Видеодан бөлек, Төлебаев оның Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай арнап жазған ақжарма тілегін де жүктеген. «Қазақстанда жастық шағын өткізіп, 25 жылға жуық қызмет атқарған Орхан Өзтомсук ағамыздың тәуелсіздікке арнап жазған жүрекжарды тілегін қабыл алыңыздар», – деп жазған ол Орханның тілегін де бөлісе кеткен.

«Мен ол уақытта білегіме күш бітіп, ер жетіп есейіп, жаңа өмірге аяқ басқан он жеті жасар жігіт едім. Сен дүниеге келгенде өз ұямнан ұшып шығып, қасиетті мекенге, сенің байтақ далаңа қонақ болдым. Артынша жер жәннаты Жетісуға, Алматыға табан тіредім. Жұпыны өмір, таршылық, қараңғылық, көп нәрсеге тапшылық анық байқалды…», – деп жазған ол.

Сонымен бірге, Орхан Өзтомсук Қазақстанның аяққа тұрғанына да куә болғанын айтады. Айтуынша, ол қазақтың салт-дәстүріне қанық болып, әдет-ғұрпына қанық болыпты. Қазақ халқымен етене араласып кеткен азамат бүгінде сол жылдарды сағынып жүргенін айтады.

«Айналаңдағылармен достық қарым-қатынасты сақтай отырып, бірлесе алға қойған мақсаттарға сеніммен қадам бастың. Өзара дос елдер арасындағы түсінбеушіліктер мен талас-тартыстар орын алғанда сенің даналығыңа сүйеніп, үкіміңе жүгінетін. Өйткені сен өркениеттің елі едің. Сен әлем жұртшылығының тату-тәтті өмір сүруі үшін бейбітшілік, тыныштық, сенім мен әділеттің ең басты құндылық екенін өзгелерге үнемі айтатынсың. Уақыттың тоқтаусыз ағынымен мен де сенімен бірге өстім, сенімен дамыдым, сенен үйрендім. Сенің алтыннан да, жақұттан да қымбат салт-дәстүрің мен ғасырлар бойы сүзіліп, електен өткен әдет-ғұрпың жайында жүрегі адалдыққа толы ардақты адамдардан естігенмін. Сенің арқаңда сондай құрметті, асыл жандармен таныстым. Сол ардақты адамдарға жүрегімнің төрінен орын бердім. Дәл қазір сенен алыста болған мына менің, өзіңе деген сағынышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Кейде сол адамдарды және өзіңмен өткен ғажайып сәттерді ойлап, өзімді жұбатқандай боламын. Туған күнің құтты болсын, Қазақстаным. Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын! Бүкіл әлеммен бірге сен де алға өрлей бер, кеше де, бүгін де жасағаныңдай көптің алдында үнемі көш бастап, өзгелерге үлгі бол, Қазақстаным! Мен жиырма бес жылымды сенің алып атырабыңда өткізгеніме қатты қуанамын. Барлық жақсылығың үшін рақмет саған! Рақмет саған, қазақ халқы!», – деп жазған ол.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img