Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады – жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, солтүстікте, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, деп жазады Қазгидромет.
Ақмола облысында күндіз солтүстікте боран соғады, солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысында күндіз батыста, солтүстікте жел 15-20 м/с күшейіп, боран соғады. Қостанай облысының солтүстігінде 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, оңтүстігінде тұман түседі. Түркістан облысында түнде және таңертең оңтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі, батысында және орталығында шаңды дауылмен 17-22 м/с жел күшейеді. Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.