spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.5 C
Kokshetau

Қазақтар біріксе, жеңілмейтін жау жоқ – Назарбаев

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, оның бастамасы бойынша жұмыс істеуге шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұрынғыдай біріксек, бірге боламыз, бәрін жеңеміз. Қазақтар біріксе, жеңілмейтін жау жоқ екенін тарихтан білесіз. Сондықтан Президентімізді қолдасақ, оның бастамаларын қолға алсақ, болашақта табысқа жетеміз», – деді Назарбаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Нұр-Сұлтандағы салтанатты іс-шарада.

Елбасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Қазақстанның құрылу тарихындағы тағы бір маңызды кезең екенін айтты.

«Біз әлі де еліміз дамып келе жатқан ұзақ жолдың басында тұрмыз деп санаймын. Мәңгілікке ұмтылған, асқақ арманға шақырған алыс сапарымыз сәтті болып, ата-баба рухы баршамызды қолдап, құт-береке серік болсын. ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасырына айналсын», – деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика