spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Кредиттік амнистия жариялана ма – Әбілқасымова нақты жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Кредиттік амнистия мәселесі тек мемлекеттік қаржы, салық төлеушілердің ақшасы есебінен шешіледі, дейді Мәдина Әбілқасымова. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанда кредиттік амнистия жариялана ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандықтардың кредиті кешіріледі деген қауесет тараған еді. Осыдан кейін, Әбілқасымованың айтуынша, үш күн ішінде агенттікке 18 мың өтініш түскен. Оның ішінде борышты қайта құрылымдау және кешіру бар. Ведомство барлық өтінішті қабылдап, өңдеп, әрі қарай қарау үшін қаржы ұйымдарына жіберген.

«Біз халықпен бірнеше рет кездесіп, кабинеттерде қабылдадық. Бұл тек соңғы күндері ғана емес, адамдар бірнеше апта бойы келді. Мамай (Жанболат – Sputnik) тағы да жалған ақпарат таратты», – деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда кредиттік рақымшылық жүргізу мүмкіндігі қарастырылып жатқан жоқ. 2019 жылы біржолғы акция ретінде жарияланған амнистия қайталанбайды.

Ол биыл мамыр айында қазақстандықтардың берешегін азайтуға септігін тигізетін заң қабылданғанын еске салды. Оған сәйкес, 1 қазаннан бастап проблемалық қарызды сотқа дейін міндетті реттеудің жаңа тәртібі қолданылады.

 

«Банктер мен микроқаржы ұйымдары қаржылық қиындыққа тап болған азаматтың өтінішін қарастырып, оған түрлі жеңілдіктер ұсынуға міндетті», – деді Әбілқасымова.

Егер қаржы ұйымдары азаматтың қаржылық жағдайы нашарлағанын байқаса, олар кредит беру кезінде оның төлем қабілеттігін бағалап, несие пайызын төмендетуді және кейінге шегеруді ұсынуға тиіс. Сонымен қатар банк айыппұл мен өсімпұлды кешіре алады.

«Біз өткен аптада және оған дейін түскен барлық өтінішті міндетті түрде банктерге жолдаймыз. Олар қарап, әрбірі бойынша жеке шешім қабылдайды», – деп түсіндірді агенттік төрағасы.

Айтуынша, кредиттік амнистия мәселесі тек мемлекеттік қаржы, салық төлеушілердің ақшасы есебінен шешіледі.

«Банктерде жеке тұлғалардың 12 триллион теңге депозиті бар. Олар соған қызмет көрсетіп, үстіне пайыз төлейді. Қандай да бір кредитті кешірген жағдайда банктердің қаржы тұрақтылығы, әрине, бұзылады», – деді Әбілқасымова.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img