spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақтөбеде сыйақы төленбегені үшін 37 жүргізуші жұмысқа шықпай қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақтөбеде автопарк жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты, себебі оларға сыйақы төленбеген. 14 желтоқсанда сұранысқа ие бағыттарда автобустар жүрген жоқ. Нәтижесінде, қала тұрғындары таңертең жұмысқа кешігіп келді, ал балалар оқу орындарына жете алмай қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл мәселе 13 желтоқсанда, жүргізушілерге жалақы түскен кезде басталған. Сыйақы есептелмеген, ал жүргізушілер бұған наразылық ретінде жұмыс істеуден бас тартқан. Нәтижесінде, кешке аялдамаларда халық автобус күтіп тұрып қалған. 37 жүргізуші жұмысқа шықпаған. 14 желтоқсанда таңертең жүргізушілердің бір бөлігі жұмысын қайта бастады. Бірақ 17 адам наразалық көрсетуін жалғастыра берген.

Автопарк қызметкерлерінің айтуынша, жүргізушілер заң бұзу деректеріне байланысты сыйақы ала алмаған. Бұл төлемді терминал арқылы қабылдаудан бас тартудан басталады. Жүргізушілер әлі күнге дейін ақшаны қолма-қол төлеуді  қайтаруды талап етеді. Кейбіреулер валидаторды әдейі өшіріп қояды. Әсіресе, жүргізушілер жетіспеуіне қарамастан, басшылық қазір жұмыстан шығарғысы келіп отыр.

«Ақтөбеде және жалпы елде автобус жүргізушілері тапшы. Олармен жұмыс істеуге мәжбүрміз, өйткені жүргізуші жетіспейді. Бірақ бұл бірінші рет болып тұрмағасын, келісімшартты бұзамыз», – деді «Автопарк» ЖШС ресми өкілі Руслан Жылқаманов.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img