spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын біріктіріп, зейнетке ерте шыға алады

Сондай-ақ...оқыңыз

Егер ерлі-зайыптының бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы жинағын бірге қосып, зейнетақы аннуитетін сатып алады. Парламент мәжілісі ерлі-зайыптыға немесе жақын туыстарға зейнетақы жинағын біріктіріп, зейнетақы анниутетін сатып алуға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, заң жобасы жаңа өнімдер енгізу, қызметі цифрландыру, тұтынушылар мен инвесторлардың құқығын қорғау, заңнаманы үздік халықаралық практикаға сәйкес келтіруді көздейді.

Заң жобасының бірінші блогы сақтандыру секторын кешенді дамытуға бағытталған.

«Сақтандыру секторы сақтандыру активтерінің тұрақты өсуін және жоғары қаржылық орнықтылықты көрсетіп отыр. Нарық активтері соңғы үш жылда 76%-ке өсіп, 1,7 триллион теңгені немесе ішкі жалпы өнімнің 2,3%-ін құрайды. Заң жобасында жинақтаушы сақтандыруды дамыту үшін жаңа әлеуметтік маңызды сақтандыру өнімдерін енгізу көзделеді. Бұл –  мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі шеңберіндегі жинақтаушы сақтандыру және бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитеті», – деді Әбілқасымова.

Ол білім беру жинақтаушы сақтандыру өнімі баланың жоғары оқу орнында оқуына ақы төлеу үшін ақшаны кепілдікпен жинақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл өнім қосымша сақтандыруды қамтамасыз етеді.

Ал екінші өнім – бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аннуитеті. Бірлескен аннуитет аясында ерлі-зайыптының немесе жақын туыстардың зейнетақы жинағын біріктіруге болады.

 

«Егер ерлі-зайыптының бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы жинағын бірге қосып, зейнетақы аннуитетін сатып алады. Сонымен бірге төлемдерді өмір бойы алуға мүмкіндік алады», – деді агенттік басшысы.

Зейнетақы аннуитетін қалай рәсімдейді

Қазақстандықтар зейнетақы аннуитеті арқылы зейнетке ерте шыға алады. Ол үшін зейнетақы шотында белгілі бір сома жиналуға тиіс.

Қазақстанда 2020 жылы зейнетақы аннуитетін жасау үшін жеткілікті сома 55 жастағы ер адамдар үшін 11,3 миллион теңге, ал 51,5 жастағы әйелдер үшін 15,5 миллион теңге болды.

Ал биылдан бастап ер адамдар 6,7 миллион теңгеден және әйелдер 9 миллион теңгеден бастап зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады. Оны алдын ала 45 жаста да жасап қоюға болады. Ол үшін есепшотта 6,1-7,7 миллион теңге болуы шарт. Ал 55 жастан бастап зейнетақы төлемдері беріледі.

Заң бойынша зейнетақы аннуитеті өмірді сақтандыру компаниясында рәсімделеді. Сол келісімшарт негізінде зейнетақы өмір бойы төленеді. Бұдан бөлек, кепілдік берілген кезең бар. Оны рәсімдеген жағдайда адам қайтыс болса да, зейнетақы төлемдері туған-туыстарына төленеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img