spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қазақстанда балық өсіру саласының жаңа нысандары пайда болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов балық өсіру шаруашылығы саласында жаңа нысандар қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл 2022 жылдан 2025 жылға дейін аяқтау мерзімімен 129 мың тонна балық өсіру көлемімен 32 жобаны іске асыру басталды. Шамамен 182,0 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр», деді Ахметжан Пірімқұлов Үкімет отырысында.

Атап айтқанда, Ақмола облысында бекіре өсіру бойынша «Аквафактория» ЖШС жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қарызды сақтандыру шартын жасасу мәселесі шешілуде. Бұл құрылысты бастау үшін 2,7 млрд теңге көлемінде қарыз қаражатын пайдалануға мүмкіндік береді.

«Қарағанды облысында «Сарыарқа» АЭА аумағында қуаттылығы тәулігіне 300 тоннаға дейін балық азығын өндіретін зауыт салу жобасы бойынша  жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Әзербайжан, Германия және Израиль мамандарын тарта отырып, жобалау аяқталады. Инвестиция көлемі – 30 млрд. теңге. Бес жоба бойынша Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Екі жоба бойынша Алматы облысында су қоймалары бекітілген. Біз мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, бағдарламаның барлық көрсеткіштерін жүзеге асыру және қол жеткізу, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», деді вице-министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img