spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
20.2 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар ХІІІ Еуразиялық олимпиада жеңімпаз атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

 

11-12 желтоқсанда Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында информатикадан XIII Еуразиялық олимпиада (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері арасында)  өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Олимпиада білім беру саласындағы үкіметаралық келісімде, сондай-ақ Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде ұйымдастырылды.



Олимпиада жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында ағылшын және орыс тілдерінде өткізілді. Оған Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 53 команда қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.

 


Олимпиаданың қорытындысы бойынша Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушылары Ибодуллаев Руслан мен Карабаев Аян (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері арасында) ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.


Олимпиададағы жеңісіңізбен құттықтаймыз! Жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика