spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
16.2 C
Kokshetau

Алматы облысында әкімдік балкондарға жалауды фотошоппен салған

Сондай-ақ...оқыңыз
Алматы облысындағы аудандардың бірінде Photoshop бағдарламасы көмегімен көпқабатты үй балконына Қазақстанның туы салынған. «Пятый регион» ақпараттық порталы қызық жағдайдың бетін ашты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, облыстағы аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілердегі парақшасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шаралардың суреті жарияланған. Суретке көпқабатты үйлер түсірілген. Тұрғындар терезе мен балконға Қазақстанның мемлекеттік рәмізі – Туды іліп қойған.

«Басылым редакторлары кәсіби графикалық дизайнер Сергей Мартыщенкоға жүгінді. Сарапшы шенеуніктердің жұмысына баға беріп, жалауларды епсіз маман қолмен салған деген қорытындыға келді. «Бұл сөзсіз фотошоп, өте нашар жұмыс. Тулардың артындағы ағаш бұтақтарына назар аударыңыз: бірақ қарапайым адам бұған назар аудармауы да мүмкін. Неге алдады екен?» – дейді ол.

Айта кетейік, фотосурет әкімдік парақшасынан өшірілген, бірақ кейбір пікір қалдырушылар оны қайтаруды «талап еткен».

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика