spot_img
Жексенбі, Тамыз 17, 2025
19.2 C
Kokshetau

Елбасы аяғы болмаса да, Эвересті бағындырған альпиниспен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның тұңғыш президенті мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, Эвересті бағындыруға бел буған спортшының табандылығын атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елбасы сайтының хабарлауынша, кездесу барысында Мария Әуезова Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің асқақ арманын жүзеге асыруға – бионикалық протез салдыруда көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Қазақстанның тұңғыш президенті мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, Эвересті бағындыруға бел буған спортшының табандылығын атап өтті.

«Бір кезде мен Абай шыңын бағындырдым. Мұның қандай қиын екенін білемін. Сіз Эверестке көтерілу арқылы табандылық таныттыңыз. Жарайсыз! Сіз секілді адамдар рухтандырады әрі жігерлендіреді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетері, 2021 жылдың сәуірінде альпинистер тобы Мария Әуезовамен бірге Эверест базалық лагеріне (5364 метр) және Кала-Патхар тауына (5640 метр) көтерілді. Аяғы болмаса да Эвересті бағындырған альпинистің әрекетіне таң қалған Елбасы ҚХА-ның 29-сессиясы барысында қызға протездер орнатуға көмектесуге уәде берді.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры қолдауымен Әуезоваға бионикалық протездер орнатылып, мамандардың бақылауында бейімделу курсынан өтті.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20211213/18887529/Elbasy-Everest-alpinist.html

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика