Облыс орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Егемен елдің ұстазы» атты жас педагогтардың форумы өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» ішкі саясат басқармасы.
Форум бірыңғай шығармашылық педагогикалық қоғамдастық құру үшін өңірдің жас педагогтерін біріктіруге, жастардың азаматтық және қоғамдық бастамаларын дамытуға, белсенді шығармашылық қызметке тартуға бағытталған,
Іс-шараға түрлі конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спортта, мәдениетте, өнерде, әдебиетте жетістіктері бар жас педагог қызметкерлер, сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагерлері мен Тәуелсіздік құрдастары қатысты.
Форум басталғанға дейін қонақтар мен қатысушылар өңірдің әр түкпірінен келген жас педагогтардың шығармашылық жұмыстарының көрмесімен таныса алды.
Жиналғандарды облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов қарсы алды.
«Сіз белсенді өмірлік ұстанымы бар талантты, жігерлі тұлғаларсыз, балаларымызға сапалы білім мен лайықты тәрбие бересіз. Қысқа педагогикалық жолыңызда Сіз кәсіби байқауларда жеңіске жеттіңіз. Біз сіздердің әрбір жетістіктеріңізге шын жүректен қуанамыз. Сіздердің әрбір жетістіктеріңіз – еліміздің жарқын болашағына жасалған қадам», – деп атап өтті спикер.
Іс-шарада Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Бақтияр Матчанов пен педагогикалық еңбек ардагері Жанат Хасенова сөз сөйледі.
Кәсіби және шығармашылық қызметтегі жоғары нәтижелері үшін педагогтарды білім басқармасының дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі жағымды миссияға айналды.
Соңында барлық қатысушылар форумға арнайы жазылған Ақмола облысының жас педагогтар одағының әнұранын орындады.
Айта кетейік, өңірдің білім беру ұйымдарында 30 жасқа дейінгі 3000-нан астам жас педагог жұмыс істейді.