spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
19.2 C
Kokshetau

Instagram жазбаларды уақыт ретімен көрсету функциясы неге қайтарылғанын түсіндірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Instagram басшысы Адам Моссери әлеуметтік желіде жазбаларды уақыт ретімен көрсету функциясы неге қайтарылғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tech Times басылымына сілтеме жасап.

Моссери Instagram әзірлеушілері екі нұсқаны сынап жатқанын, бірақ алгоритм моделінен бас тартпайтынын айтты. Енді әлеуметтік желі алгоритмдері жазбаларды қандай ретпен көрсету керек екенін таңдайды. Жазбаларды шыққан уақыты бойынша көрсету функциясынан Instagram 2016 жылы бас тартқан еді.

Хронология бойынша жазбаларды көрсетудің бір нұсқасы пайдаланушыларға парақшаларды белгілеуге мүмкіндік береді, олардың жазбалары ең басында және ретімен көрсетіледі. Екінші нұсқа бойынша, қолданушы тіркелген барлық парақша жазбаларын уақыты бойынша ретімен көруге мүмкіндік береді.

Моссеридің айтуынша, жаңарту «жақында» іске қосылады, бірақ алгоритм қандай пішінде болатыны нақты айтылған жоқ. Instagram басшысы контент рейтингі маңызды ақпараттарды шығаратынын баса айтты.

Бұған дейін Instagram әлеуметтік желісі 2022 жылдың бірінші тоқсанында жазбаларды уақыты бойынша көрсету функциясын қайтаруды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика