spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.9 C
Kokshetau

Тальго тағы екі бағыт бойынша қатынайтын болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Олардың әрқайсысында «Турист» класты вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған. 12 желтоқсаннан бастап екі бағыт бойынша тальго пойызын іске қосылды, деп хабарлайды sputnik.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясынан «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Арқалық» жолаушылар пойызы алғашқы рейске шықты. Маршруттың қашықтығы – 609 км, пойыздың жалпы жүру уақыты 12 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз екі құрамнан құралған және күн сайын қатынайтын болады. Олардың әрқайсысында 348 орындық «Турист» класты, 2 «Бизнес» класты, 1 «Гранд» класты, 1 «Гранд PMR»  класты (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін) вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана бар.

Тальго вагондарынан құрастырылған екінші пойыз «Алматы-2-Маңғыстау» бағыты бойынша іске қосылды. Пойыздың жалпы жүру уақыты 41 сағат 49 минутты құрайды. Ол екі құрамнан тұрады және жұп күндері жүреді. Олардың әрқайсысында 324 орындық «Турист» класты вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған.

Жол жүру барысында мультимедиялық ресурстарды ішкі сымсыз желі арқылы пайдалануға болады. Жолаушылар өздерінің жеке құрылғыларының (ұялы телефондар, гаджеттер, портативті компьютерлер) көмегімен серверде алдын-ала орналастырылған ойын-сауық бағдарламаларын, фильмдерді, ойындарды көре алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021-2022 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының жаңа кестесі бойынша Қазақстан ішінде 118 жұп пойыз жүре бастады. Оның ішінде 95 жұп пойыз «Жолаушылар тасымалы»»АҚ-ға (оның ішінде қала маңындағы тасымалдарды қоса алғанда – 61), сондай-ақ 23 жұп пойыз жеке тасымалдаушыларға тиесілі.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20211213/18887293/bagyt-talgo-poyyzy.html

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика