spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

«Қызымның аяғы жұлынды». БҚО-да жол апатын жасаған полицей қамауға алынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Сот Батыс Қазақстан облысында мас күйде жол-көлік оқиғасын жасаған полиция қызметкерін қамауға алуға санкция берді. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сот санкциясы бойынша, күдікті екі айға қамауға алынды. Ол оқиға болған күннен бастап қамауда. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жол-көлік оқиғасына ұшыраған екінші көлік иесі полицейдің ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Суретте: Төрехан Бекжанов қызымен

«Оқиға салдарынан анам қайтыс болды. Жеті айлық қызының аяғы жұлынды. Ауруханада жатырмыз. Жол апатынан әйелім де зардап шекті. Менің отбасым кінәліге ең ауыр жаза тағайындалуын талап етеді» – деді Төрехан Бекжанов.

Айта кетейік, 1 желтоқсанда кешке Орал-Тасқала тасжолында екі көлік бетпе-бет соқтығысқан болатын. Hyundai Accent көлігі тізгінінде БҚО Теректі ауданына қарасты Полиция бөлімі бастығының орынбасары болған. Жүргізуші мас болған. Полицей дереу қамауға алынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img