spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 26, 2024
-8.6 C
Kokshetau

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкентте медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорын ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Бүгін Шымкентте «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында медицина бұйымдарын шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Жобаның құны 500 миллион теңгені құрайды. Мұнда жаңадан 50 жұмыс орны құрылды.

Кәсіпорын жылына иммуноферментті анализдің 500 мың жинағын және 70 миллион инсулинді ине шығаруға қауқарлы.

«Тассай» индустриялды аймағында орналасқан өндіріс ошағының ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған қала басшысы осы жылдар ішінде қаланың дамуы жолындағы еселі жетістіктерді атады.

«Тәуелсіздік жылдарында қалаға тартылған инвестиция көлемі 2,6 триллион теңгеге жетті. Оның тең жартысы соңғы 3,5 жылдың үлесіне келеді. Отыз жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6 мыңнан 74 мың бірлікке, онда жұмыспен қамтылғандар саны 35 мыңнан 168 мың адамға артты. Шымкент қаласы мегаполис болып қалыптасты. Шымкент – бір-біріне қызмет көрсетіп, бір-бірінен тауар алатын үлкен нарыққа айналды», – деді Мұрат Әйтенов.

Мегаполисте есепті кезеңде өнеркәсіп саласында 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, жаңа 10 кәсіпорын іске қосылды. Ал, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 7,8 миллиард теңгеге 1 946 жобаға қолдау көрсетілген.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы Президенттік шырша: мерекелік іс-шараға 200 бала қатысты

Қазақстанның барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық іс-шаралар өтті. Көкшетауда облыстың басты шыршасы «Bolashaq sarayi» балалар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img