spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

ШҚО-да Тәуелсіздік монументі ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Тәуелсіздік монументінің ашылуына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Тәуелсіздік монументі ел тарихындағы көптеген дәуірлік оқиғалар мен оның қалыптасу кезеңдерін бейнелейді, мемлекетіміздің біртұтастығы мен беріктігінің белгісі», – деді Мамин Тәуелсіздік монументінің ашылуында сөйлеген сөзінде.

Монументтің биіктігі – 15,7 метр, диаметрі – 10,9 метр. Төбесінде Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібектің мүсіндері, төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бейнеленген барельеф орнатылған.

Монументтің орталық бөлігінде үш жоғарғы бидің – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би мүсіндері орналасқан, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты» деген дәйексөзі үш тілде жазылған.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, филология ғылымдарының докторы, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің профессоры Арап Еспенбетов, жазушы Әлібек Қаңтарбаев және жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, өңір жұртшылығы қатысты.

Асқар Мамин Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзінде Шығыс Қазақстан облысының жоғары өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті бар екенін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

1991 жылдан бастап жалпы өңірлік өнім 25 есе өсті. Облыста елдің бүкіл өнеркәсіптік өндірісі өнімінің 10 пайызға жуығы, ҚР барлық өңделген өнімінің 11 пайыздан астамы өндіріледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img