spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
18.2 C
Kokshetau

Тоқаев ЕАЭО елдеріне бірлесіп микрочип шығаруды ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Үшінші жыл қатарынан цифрлық өнім мен электронды қызметтерге үлкен сұраныс барына куә болып отырмыз, деді Тоқаев. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне бірлесіп машина жасау саласы үшін микрочип шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне бірнеше ұсыныс айтты. Соның бірі – ЕАЭО елдерінде машина жасау саласына арналған микрочиптер шығару.

«Біз үшінші жыл қатарынан цифрлық өнім мен электронды қызметтерге үлкен сұраныс барына куә болып келеміз. Бұл ретте экслюзивті, инновациялық технологиялық шешімдерге ғана емес, қарапайым цифрлық шығыс материалдарына да күрес болып жатыр. Бүгінде әлемдік нарықта компьютерлік элементтер мен микрочиптердің жетіспеуінен машина жасауда жүйелі кідірістер байқалып отыр. Бұл біздің елдердің машина жасау саласына да әсер етеді. Осыған байланысты біздің үкіметтерге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен, машина жасау саласы үшін микрочиптер мен компьютерлік элементтер шығару бойынша бірлескен кооперативті жобаларды пысықтауды ұсынамын», – деді Тоқаев ЖЭЕК отырысында.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев
© Официальный сайт Президента РК

 

Айта кетері, ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды. Шара онлайн форматта өтіп жатыр.

Оған Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрғасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭС жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников қатысып жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img