spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
21.2 C
Kokshetau

«Балалар қаза тапты»: Ақтауда автобуста шыққан өрттің мән-жайы белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақтауда автобус өртенді. Төтенше жағдай видеосы әлеуметтік желіде жылдам тарап кеткен. Авторлар өрттен адамдар қаза тапқанын, арасында балалар барын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Куәгерлер балаларды жанып жатқан көліктен қалай шығарғанын айтып берді.

«Автобусқа жүгіріп келгенімде, алдыңғы жағындағы капот астынан өртеніп жатыр екен. Салонда балалар отыр. Қанша екенін нақты айта алмаймын, бірақ автобустың артқы бөлігі балаларға толы болды. Жүгіріп келген адамдар балаларды шығаруға көмектесті, біз оларды бір-бірімізге беріп отырдық. Балалар шошып қалған. Әйтсе де біздің жолымыз болды, өйткені соңғы баланы шығарғаннан кейін, автобус толығымен отқа оранды», – деді Руслан есімді куәгер «Лада» басылымына.

Тағы бір куәгер де өртенген автобустың ішінде балалар болғанын мәлімдеді.

«30-ға жуық бала болды, оларды тез арада басқа автобусқа мінгізіп, алып кетті. Сосын ата-аналар келді жылап, байбалам салды. Бәлкім, олар балаларын басқа автобусқа отырғызғанын білмеген шығар», – дейді екінші куәгер.

Ақтау әкімдігі жанған автобуста жолаушылар қаза болғаны жайлы ақпарат фейк екенін мәлімдеді.

Ведомство ТЖ 9 желтоқсан 17:31-де қаланың 1-ші шағын ауданында болғанын растады. ПАЗ-320530 автобусы өртенген. Бірақ әкімдік құтқарылған балалар жайлы ештеңеге хабарлаған жоқ.

Ведомство өрт сөндірушілер келгенде автобус салонында жолаушылар болмағанын, көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Өрт 17:43-те сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика