spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 14, 2025
15.2 C
Kokshetau

Абаев мемлекеттік қызметшілерге таксист болып істеген неге тиімдірек екенін айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекеттік қызметті «бәсекеге қабілетсіз жұмыс беруші» деп атады, sputnik.kz.

Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекеттік қызметшілер неге жоғары жалақы алуы керек екенін түсіндірді.

«Егер сіз біліктілігі төмен мемлекеттік қызметкерге тап болсаңыз, онда оның орнында отыруға тиіс сауатты маман қазір банкте жұмыс істейтін шығар. Немесе басқа кез келген коммерциялық компанияда. Мемлекеттік қызметтің бәсекеге қабілетсіз жұмыс берушіге айналғаны соншалық, көптеген қызметкер, соның ішінде сарапшылар, кез келген басқа салада – тіпті, қызмет көрсету, «Яндекс. Такси» және тағы басқа салаларда көп ақша таба алады», – деді Абаев «Ашық диалог 2.0» бағдарламасында.

Оның айтуынша, бұған дейін Қазақстанда өңірлердегі мемлекеттік қызметшілердің айлығы көтерілді.

«Себебі өңірлерде біліктілік өткір проблемаға айналды. Бұрын қалай еді? Әкімдік сарапшы лауазымына конкурс жариялайды, оған небәрі бір адам өтінім береді, өйткені жалақы өте төмен. Оның білімін ешкім тексермейді, әрине. Тек келіп, жұмыс істесе болғаны», – деп жалғастырды президент әкімшілігі басшысының орынбасары.

 

Жалақы артқан соң, конкурсқа өтінім саны жеті есе өскен.

«Конкурсқа неғұрлым көп адам қатысса, мамандардың сапасы да соғұрлым жоғары болады. Лайықтысын таңдап алуға мүмкіндік бар. Ол қателікті аз жібереді. Яғни халықтың өмір сапасын көтеруге зор үлес қосып жатыр», – деп атап өтті ол.

Бұған қоса, шенеуніктердің жұмысы үлкен жауапкершілікпен байланысты.

«Бір министрлікте немесе әкімдікте жүздеген миллион теңгенің құжатына қол қоятын бастықты көзге елестетіңіз. Егер тексеруші органдар бұл құжаттан тым құрығанда бір формалды қателік тапса…Сонда сол жалақы осындай жауапкершілікке тати ма?», – деп түйіндеді Абаев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшелік бишілер республикалық байқауда үздік нәтиже көрсетті

13 сәуір күні   Шымкент қаласынада  түрлі өңірлерден 30 шығармашылық ұжым дар қатысқан «Нұрлы көктем»  халықаралық хореографиялық байқауы өтті. Тәжірибелі хореограф...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img