spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
17.2 C
Kokshetau

Мереке күндері қосымша үш пойыз жолға шығады

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында елордадан Шымкентке, Алматыға, сондай-ақ  Ақтөбеден Қызылордаға қосымша жолаушылар пойызы жүреді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы желтоқсан мерекелері – Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушылар пойызын іске қосады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

  1. №202/201 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылдың 15, 26, 29 желтоқсанында, 2022 жылдың 02 және 07 қаңтарында, кері Шымкент станциясынан 2021 жылдың 16, 27, 30 желтоқсанында, 2022 жылдың 03 және 08 қаңтарында жөнелтіледі.
  2. №204/203 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-1» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылдың 15, 27, 29 желтоқсанында, 2022 жылдың 03 және 08 қаңтарында, кері Алматы-1 станциясынан 2021 жылдың 16, 28, 30 желтоқсанында, 2022 жылдың 04 және 09 қаңтарында жөнелтіледі.
  3. №206/205 «Ақтөбе – Қызылорда» пойызы Ақтөбе станциясынан 2021 жылдың 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсанында, кері Қызылорда станциясынан 2021 жылдың 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсанында жөнелтіледі.

Бұдан басқа, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар тасымалдауға жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы  жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн ресімдеуді сұрайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалану қажет.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img