«РБК банкінің» 15 миллион доллар кредит қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.»РБК банкі» ісі бойынша іздеуде болған азамат Ресейдің Мәскеу облысында ұсталды, деп деп хабарлайды sputnik.kz. Қазақстан қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1987 жылы туған Валерий Власовқа қатысты «Банк РБК» АҚ-ның 15 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі кредит қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Ер адамның 2018 жылдан бастап халықаралық іздеуде болғаны хабарланды.
Қазір оны Мәскеу облысының ішкі істер органдары қамауға алды. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.