spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысы неліктен «қызыл» аймаққа өтті – департамент түсінік берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдің «қызыл» аймаққа өтуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы жылдың 9 желтоқсанында Ақмола облысы «қызыл» аймаққа ауысты. Мұндай көрсеткіш эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы зертханалық расталған COVID-19 (U07.1) жағдайларынан ғана емес, сонымен қатар U07.2 вирустық пневмониясына байланысты қалыптасып отыр. Соңғы тәулікте осындай 26 жағдай тіркелді, бұл «қызыл» аймаққа өтуге әсер етті», – деп атап өтті облыстық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде эпидемиологиялық жағдай бақылауда тұр. «7 күн ішінде КВИ шалдығу көрсеткішіне мониторинг жүргізіледі және COVID-19 және вирустық пневмониямен зертханалық расталған сырқаттану өскен жағдайда ғана карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылданады. Ал әзірше карантинді шектеу 7 күн ішінде «сары» аймақтың талаптарына сәйкес жүргізіледі», – деп толықтырды.

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img