spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
15.2 C
Kokshetau

Шымкентте тергеуге кірген ер адам көз жұмды: Қала әкімі түсініктеме берді

Сондай-ақ...оқыңыз
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов полиция департаменті ғимаратында жауап алу кезінде көз жұмған ер адамның өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан, kaz.nur.kz. сілтемесінде.
Басылым мәліметінше, 8 желтоқсанда Шымкент полиция департаментінің ғимаратында 1990 жылғы ер адам тергеу кезінде көз жұмған. Ол автокөлік айдап әкетті деген күдікпен жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілделі Шымкент әкімінен оқиғаның мән-жайы туралы сұрады.
Мұрат Әйтенов бұндай жағдайдың болғанын растады.
«Өкінішке қарай, осындай факті тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ішкі істер министрлігі арнайы комиссия жіберді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Бүгін мәйітті сойып тексереді. Оның өліміне не себеп болғаны тек соның және тергеу қорытындысы бойынша анықталады», – деді үшінші мегаполистің басшысы Оның сөзінше, тергеуге жеткізілген адам жауап алу кезінде өзін нашар сезінген. Қызметкерлер бірден жедел жәрдем шақырған, алайда ол дәрігерлер келгенше көз жұмды.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика