spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ревакцинация: ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың ревакцинация мәселелерін айқындайтын жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулы бойынша Қазақстан аумағында 3 айдан артық тұрып жатқан, вакцинацияның толық крусын алған шетелдіктер де ревакцинациядан өтуі керек. Олар да алғашқы вакцинаның толық компонентін алған күннен 6 ай өткенде қайта вакциналауға жатады.

«Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады», – деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, бұрын коронавиурсқа қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді ревакциналау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып жүргізілетіні айтылған.

«КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық алған КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды КВИ-ге қарсы ревакциналау сауыққаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі», – деп жазылған Бас санитар қаулысында.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img