spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
10.8 C
Kokshetau

АҚШ пен Ресей басшылары онлайн форматта жүздесті

Сондай-ақ...оқыңыз
АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуі екі сағатқа созылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Келіссөз барысында талқыланнған басты мәселенің бірі – Украина төңірегіндегі ахуал. Президент Джо Байден Ресейдің Украина шекарасы маңында өз әскерін шоғырландыруына алаңдаушылық білдіріп, Мәскеу көрші елге қарсы әскери қимылдарға барса, қатаң санкция салатынын ескертті. Путин Ресейдің ешқандай жаулық пиғылы жоқ екенін айтып, керісінше, Украинада НАТО күшінің ұлғайып келе жатқанына алаңдайтынын жеткізді. Мәскеу, сондай-ақ соңғы жылдары салқындаған екіжақты қарым-қатынасты жандандыру үшін дипломатиялық шектеулерді алып тастауды ұсынды. Екеуара қос мемлекеттің киберқауіпсіздік және өзге мәселелер бойынша бірігіп әрекет етуі қажеттігін сөз етті. Джейк Салливан, АҚШ президентінің ұлттық қауіпісздік жөніндегі кеңесшісі: – Президенттер арасындағы тікелей байланыс – екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы ең мыңызды құралдың бірі. Ал бүгін кездесу барысында қозғалған мәселелерге келетін болсақ біз оларды бақылап саралауды жалғастырамыз. Ресеймен өзара ықпалдастық әрекетіміздің барлығы еуропалық әріптестірмізбен бірлесіп, ақылдасып жүзеге асырылатын болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img