Биыл өңір фермерлері субсидиялауға екі мыңнан аса өтінім берді. Олар мақұлданған, бірақ жарты жылдан бері адамдар қаражат ала алмаған. Шенеуніктер тағы біраз күте тұрсын деген. Фермерлер несие мерзімін өткізіп алған, жұмысшыларды қысқартқан, техника мен мал сатып алуды тоқтатқан.
«Бұл – жанайқай! Міне, қанша адам келді. Осындай көктайғақта сізбен кездесуге келу үшін көліктер арыққа түсіп кетіп жатыр», – деп ашуланды фермерлердің бірі.
ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазян 4,7 миллиард теңге субсидияны «келесі жылға алуға және оларды тыныш беруге болады» деп мәлімдеді.
Фермерлер шенеуніктің пікірімен келіспейді.
«Жыл басталғанша, бюджет тарапынан бекіткенше, наурыз болады, 20 миллион ақырында тиын болады, бізді танктің астына тастап жатырсыздар», – деді фермер Қуаныш Сүлейменов.
Нәтижесінде, басқарма Ауыл шаруашылығы министрлігіне жазған субсидиялаудан бас тарту туралы хатын кері қайтарып алды. Әкімдікте субсидия өңірге бөлінетіні айтылды. Оның үстіне, өтінімдер жарты жыл бұрын берілген болатын.
«Бұл ақшаны алуға құқығымыз бар. Өзіміздің міндеттеріміз бар. Ақшадан бас тарту оңай, тек нақты бизнеспен айналыспайтындар ғана осылай ойлай алады, біз бюрократияның құрбанына айналмауымыз керек», – деді фермер Фарид Абитаев.
«Біз фермерлер қауымдастығы атынан облыс әкіміне жүгінеміз, облыс әкімі оны қызметінен босату туралы шешім қабылдауы үшін менде 100-ден аса қол бар», – деді ШҚО фермерлер қауымдастығының төрағасы Серік Байғалиев.
Ауыл тұрғындары кешкісін үйлеріне тарады. Саланы басқаратын аймақ әкімінің орынбасары жыл соңына дейін шаруаларға уәде етілген субсидиялар берілетінін айтты.