Солтүстікке аяз келеді. Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары, қыстың жақындап қалғанын сезінетін болады. Жылы Оңтүстік циклоның алмастыру үшін, Атлант аймағынан суық антициклон қозғалуда, деп жазады Казгидромет.
Суық ауа массаларымен қоректенетін ол жауын-шашынның тоқтап қалуына және ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.
07-08 желтоқсанда түнгі уақытта еліміздің солтүстігі мен шығысында термометр 22-30 аязды көрсететін болады. Ал республиканың оңтүстік өңірлері болса, Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай салқындау күтілмейді.