spot_img
Жұма, Қаңтар 30, 2026
-9.2 C
Kokshetau

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Өзбекстан Президентімен кездесті. Елбасы ең әуелі Шавкат Мирзиеевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, бауырлас өзбек елінің дамуында үлкен жетістіктерге қол жеткізуіне тілекші екенін білдірді. Тұңғыш Президент Одақтастық туралы декларацияға қол қою, қазақ-өзбек қарым-қатынасын нығайтудың жаңа белесі екенін атап өтті, деп хабарлайды qazaqstan.kz.

Өз кезегінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев «Қазақстанның бүгінгі жетістігі – Тұңғыш Президенттің салиқалы саясатының арқасында» екенін әрі екі елдің стратегиялық қарым-қатынасыны нығайтуда Елбасының рөлі зор екеніне айрықша тоқталды. 30 жылдың ішінде осы достық қарым-қатынастың іргетасы бекіді. Бұрын тауар айналымы 317 млн доллар болса, бүгінде 4,5 жарым млрдтан асты деп атап өтті Өзбекстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы: 

Сайлау алдында ұсынылған «Жаңа Өзбекстан стратегиялық бағдарламасының» мақсаты мен бағыты айқын жоба. Халық мемлекеттің қандай жолмен жүріп келе жатқанын білуі тиіс. Кезінде мен де «Қазақстан-2030» бағдарламасын қолға алып, кейін Қазақстанның 2050 жылға дейін дамуы бағдарламасын алға тарттым. Мемлекет басшысы ретінде мен әркез елдеріміз арасындағы екіжақты байланысты нығайтуда баса назар аударуға басымдық бергенімді білесіздер. Бізді ортақ тарихымыз, мәдениетіміз, дәстүріміз байланыстырады. Достық қарым-қатынастың маңызы бөлек. Мен бес елдің басын экономикалық кеңес те қосқым келді. Сол үшін Орталық Азия басшыларыының консультативтік кеңесін құруды ұсындым. Осы бастаманы қолдаған сіздерге рахмет.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында мемлекеттік рәміздерге қатысты заң талаптары түсіндірілді

Облыста мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне арналған семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика