spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Бүгінге дейін Ақмоланың 1680 тұрғыны Pfizer вакцинасымен егілді – Мусина

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінге дейін Ақмола облысында 1680 адам «Комернати» вакцинасымен егілді. Олардың көпшілігі жасспірімдер. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

15 қарашада 12 жастан асқан жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді Pfizer/BioNTech шығарған Комирнати вакцинасымен егу басталды.

«Бүгінгі таңда облыс бірінші компоненттің 35 100 дозасын алды. Олар 1 680 адамға екпе салды. Оның ішінде 21 жүкті әйел, 344 бала емізетін ана, 12 мен 17 жасты қоса алғанда 1 315 жасөспірім бар», – деді облыстың бас санитарлық дәрігері.

Айнагүл Мусина балалар арасындағы коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайға да тоқталды.

«Жаңа оқу жылынан бері облыста мектеп оқушылары арасында COVID-19 инфекциясының 1392 жағдайы тіркелді. Жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлері арасында 335 жағдай анықталды, оның ішінде 274-і штаттық режимде, 60-ы қашықтықтан.Сонымен қатар мектеп қызметкерлері арасында екпе алмағандықтан 1 жағдай анықталды. Бүгінгі таңда облыстың 42 мектебінде 67 сынып қашықтықтан оқыту форматына көшірілді», – деді Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img