spot_img
Бейсенбі, Сәуір 10, 2025
21.2 C
Kokshetau

Қостанайда өртке қатысты жалған ақпарат таратқан тұрғын сотталуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз
6 қараша күні таңертең Қостанайдағы қонақүйлердің бірінен өрт шықты. Жалынды ауыздықтау үшін құтқарушыларға бірнеше сағат қажет болды. Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде үш адамды өлтіргендер іздерін жасыру үшін ғимаратты өртеп кеткен деген ақпарат пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.
Алайда полиция бұл деректі жоққа шығарды. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі өрттен зардап шеккендердің жоқтығын, 34 қонақ пен 2 қонақүй қызметкерінің эвакуацияланғанын хабарлады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Жалған ақпарат таратқан адам да іздестірілу үстінде. Кісі өлтіру туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
 

«Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша шаралар қабылданды. Көрінеу жалған ақпарат тарату, бұл 204-баптың 2-бөлігі. Жалған ақпарат таратушы үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Қостанай УП бастығының орынбасары Ерболат Мырзатаев.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Целиноград ауданында «Jas Tulga» атты жастармен кездесу өтті

Қоянды ауылынның мектеп-лицейінде «Jas Tulga» атты жастармен маңызды кездесу өткізілді. Аталмыш шара, жастарға кәсіби бағдар беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img