spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Шортандыдағы жарылысқа кінәлілер анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Мәжілісте Шортандыдағы үйде жарылған газ баллоны өрт қауіпсіздігі талаптарына сай сақталмағанын айтты, деп жазады «Aqmola News» Egemen.kz сілтеме жасап.

«Газ баллондарын пайдалану бойынша жақында қайғылы оқиғалар орын алды. Шортандыда бірден үш адам қайғылы жағдайға ұшырады. Оның екеуінің денесін 90%-дан астам күйік шалып, Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінде қайтыс болды», деді министр.

ТЖМ басшысы адамдар не істеп жатқандарын өздері түсінбейінше, ешқандай да инспекция олардың түсінігін алмастыра алмайтынын айтты.

«Үй иесі баллонды әкеліп, жылыту құрылғысының жанына орнатқан. Осылайша бұл жағдай туыстары мен жақындарының өліміне себеп болды. Бұл – адамның бірінші кінәсі. Ал екінші кінә – қазір тексеріліп жатқан қылмыстық іс. Яғни көліктерге арналған жанармай құю бекетінде газ баллондарға жанармай құюға тыйым салынады. Осыны біле тұра, ол баллонды толтырады. Сондықтан әкімдіктер техникалық инспекциялар қанша құрса да, адамдар өздері апаттың салдарын түсінбесе, бәрі бекер», деді Юрий Ильин.

Бұған дейін Ақмола облысының Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Оқиға салдарынан тағы 11 адам зардап шекті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img