spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Тағы бір қазақстандық «Әлем ханымы – 2021» байқауына қатысады

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алтынай Мейман «Каспий теңізі ханымы» атағының иегері атанды, енді ол «Әлем ханымы – 2021» халықаралық байқауында Қазақстанның атынан қатысады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алтынай 31 жаста, екі баланың анасы. Мамандығы заңгер, осыған дейін банкте жұмыс істеген. Қазір өзін-өзі дамытумен айналысады, шешендік өнерге машықтанған, атқа мінгенді ұнатады. Ол балаларының жан-жақты дамуына бар күшін салатын аналардың бірі. Түрлі қайырымдылық жұмыстарға қатысады.

Алтынайдың сұлулық байқауларына қатысудан тәжірибесі бар. Ол 2008 жылы «Қазақстан аруы» байқауына елорданың атынан шыққан, сонымен қатар Алматыда өткен жоғары сән көрсетіліміне қатысқан.

«Мен «Әлем ханымы – 2021″ сияқты ірі халықаралық байқауға қатысатыныма қуаныштымын, өйткені бұл менің бала кезгі арманым. Сонымен қатар, мен үшін байқау – мереке, жаңа таныстық, үлкен тәжірибе, тәртіптілік. Отандастарым мені қолдайды деп үміттенемін», – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан атынан 27 жастағы елордалық Әйгерім Әбдібекова да қатысады. Жарыс 2022 жылдың 17-26 ақпаны аралығында Сеулде (Оңтүстік Корея) өтеді.

Бір жыл бұрын әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы» атағын жеңіп алған болатын. Енді ол тәжді жаңа жеңімпазға тапсырады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img