spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.2 C
Kokshetau

Ертең Щучинскіде бокстан әйелдер арасында ҚР чемпионаты басталады

Сондай-ақ...оқыңыз

8-12 желтоқсан аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Щучинскідегі жарыста наурыз айында өтетін әлем біріншілігіне аттанатын негізгі құрамды анықтаймыз. Жыл сайын жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Бұл алдағы буын ауысу кезеңінде жақсы әсер етері сөзсіз. Жастардың бәрі де жеңіск құштар, өз мүмкіндіктерін күтіп отыр», – деп келтіреді команданың бас бапкері Шамиль Сафиуллиннің сөзін ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.

Оның пайымынша, жас спортшылар елдің үздік боксшыларына бәсекелестік таныта алады.

«Өйткені, еліміздегі бәсекелестік деңгейі айтарлықтай жоғары. Осы орайда, Ұлттық Олимпиада комитеті мен Бокс федерациясының еңбегін жоғары бағалаймын. Боксшыларымыздың жалақысы да жақсы. Мұның бәрі үлкен роль ойнайды. Біздің алдымызда тек ел намысын абыроймен қорғау мақсаты тұр», – деді бас бапкер.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика