spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
8.4 C
Kokshetau

Ақмола облысының тұрғыны ұрлық жасаймын деп ел алдында күлкіге қалды – видео

Сондай-ақ...оқыңыз

Жоғалған жылқыны иелері түні бойы іздеген. Таңертең полицейлер мен қызметтік ит көмекке келді. Ол көршінің үйіне барған, деп хабарлайды sputnik.kz.

Ақмола облысының тұрғыны ұрлық жасаймын деп бүкіл ауылға күлкі болды. Ол көршісінің жылқысын үйдегі бөлмесіне тығып қойған.

Болған оқиға туралы КТК арнасы хабарлады.

Ер адам жылқыны қонақ бөлмеге тығып, өзі өзге бөлмеге барып жатқан. Телеарна сол үйде түсірілген видеоны жариялады.

 

Жоғалған жылқыны иелері түні бойы іздеген. Таңертең полицейлер мен қызметтік ит көмекке келді. Ол көршінің үйіне барған.

47 жастағы ер адам шақырылмаған қонақтарға да, бөлмедегі жылқыға да таңғалды. Түнімен ішкендіктен, еш нәрсе есімде жоқ деп ақталды. Алайда жылқы тұратын орында оның аяқкиімінің іздері табылды.

Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің сыбайластары бар-жоғы анықталып жатыр.

Осы бап бойынша кінәлі деп танылған адамның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/incidents/20211207/18839733/aqmola-oblysy-urlyq-video.html

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img