spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Павлодарда жаяу жүргінші жолағында екі адамды көлік қағып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Павлодарда жүргізушілері адам қағып кеткен екі көлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 қараша сағат 07:20-да Павлодарда Солтүстік өндіріс аймағы Инженерия орталығы аялдамасына жақын жерде Volkswagen Golf автомобилі 62 жастағы ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған», – деді Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, көлік адамды қағып кеткеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргінші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

«Полицейлер адам қағып кеткен көлікті анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізді. «Тосқауыл» жоспары енгізіліп, полиция күдіктіні ұстады», – деді ПД-дан.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

«4 желтоқсан сағат 17:00-де Солтүстік өндіріс аймағы көшесінде Audi 100 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі 38 және 39 жылғы екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олар бағдаршамы жоқ жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан», – деді құқық қорғау органдары тағы бір жағдай туралы.

Зардап шеккендер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Департаменттің мәліметінше, автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img