spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Дзюдошы Карина Тәкиева жастар арасында Азия чемпионы атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық дзюдошы Карина Тәкиева Ливан астанасы Бейрутта дзюдодан мәреге жеткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткеніндей, Карина аса ауыр салмақта (+78 кг) топ жарды.

Карина Русланқызы 2003 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Дзюдо әліппесін жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резерві мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы Азамат Қапсатовтан үйренді.

Қазіргі кезде Алматыдағы республикалық спорт колледжінің 2 курс студенті. Бапкері – Жайдар Сайлаубаев.

2021 жыл Карина үшін табысты жыл болды. ҚР V жастар спорт ойындары мен 23 жасқа дейінгілер арасында ел біріншілігінде күміс жүлдемен марапатталса, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында үздік үштікке ілікті.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметіне қарағанда, жарыстың соңғы күні сондай-ақ Максим Мейірлан 81 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img