spot_img
Сенбі, Қазан 19, 2024
1.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында өңірлерде вакцинация қарқыны туралы айтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград, Астрахань, Егіндікөл аудандары мен Қосшы қаласы әкімдерінің орынбасарлары ӨКК брифингінде сөз сөйледі. Олар коронавирустың жағдайы және вакцинация қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды Аймақтық коммуникациялар қызметі.

Қала әкімінің орынбасары Қосшы Берген Жұмкей қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты.

«Вакцинация қаламыздың «Жанұя» отбасылық денсаулық орталығында жүргізіледі. Бүгінгі таңда жоспарланған 94,6%-ы COVID-19 вакцинасының алғашқы компонентін алды. 93,1% – вакцинацияның толық курсынан өтті», – деді Берген Жұмкей.

24 қарашадан бастап жаңадан құрылған қалада «Comirnaty»вакцинасымен иммундау басталды. 65 адам екпе алды.

Pfizer компаниясының вакцинасы да Целиноград ауданына келді.

«Вакцинаның бірінші компонентін 63 жасөспірім мен 9 бала емізетін әйел алды», – деді Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Айткужинова.

Спикердің ақпараты бойынша, вакцинация науқаны басталғаннан бері ауданға түрлі вакциналардың 21 780 дозасы келіп түсті. Сонымен, бірінші компонент 55, 1% , екіншісі – 87,6% егілді.

Егіндікөл ауданында COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Соңғы тәулікте ауданда жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ.

«Егу науқаны басталғаннан бері вакцинаның бірінші компонентімен тиісті контингенттің 95,5% егілді. Аудан халқының жалпы санының 60,6% құрайды. Вакцинаның екінші компонентімен тиісті контингенттің 90,1% егілді», – деді Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Комбатуров.

Спикердің ақпараты бойынша ауданға ревакцинацияға арналған 400 доза вакцина келді. Қазірдің өзінде 60 адам егілді. Сондай-ақ, 18 адам Comirnaty вакцинасының алғашқы компонентін алды.

Астрахан ауданында вакцинаның бірінші компонентін 11 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Жанар Шахпутова айтты.

«Бүгінгі таңда Pfizer компаниясының «Comirnaty» препаратымен 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды вакцинациялау басталды.  Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдер ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімімен егіледі. Қазіргі уақытта ұжымдарда ревакцинация бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп түйіндеді Жанар Шахпутова.

Айта кетейік, 5 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысында 1 546 адам Comirnaty вакцинасымен егілді. Оның ішінде 12-17 жастағы жасөспірімдер – 1 220, жүкті әйелдер – 23, бала емізетін әйелдер – 303.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img