spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Қазақстанда рожки, ұн және құс еті нарығында баға өзара келісіммен көтерілген

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда бесінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы өспеді, алайда рожки, ұн және құс еті нарығында бағаны сөз байласу арқылы өсірген жағдайлар анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

«Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай және Алматы облыстарындағы рожки, ұн, құс еті нарығы субъектілерінің атына бағалық сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы туралы 6 ескерту жіберді», – делінген сайтта.

Ақпарат бойынша, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен сауда үстемесін 15 пайыздан 10 пайызға дейін төмендету туралы монополияға қарсы комплаенстің 23 актісі жасалды. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 183 актісі жасалған.

Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы барлық құралдарды пайдалану арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету шараларын одан әрі орындауды тапсырды.

Өңірлердің әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларында бес айлық азық-түлік қорын қалыптастыру, азық-түлік өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу, сондай-ақ делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін жандандыру тапсырылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img