spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
19.2 C
Kokshetau

«Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында отшашу тиелген жүк көлігі өртенді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы аумағында «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында пиротехникалық отшашу тиелген жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды Aqmola News агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай бүгін сағат 21:26 шамасында «Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолының 212 шақырымында орын алған.

«Анықталғандай, пиротехникалық отшашу тиелген «DAF» жүк көлігі өртенді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт шығу себептері мен салдары анықталуда», – деді ведомстводан.

Айта кетейік, оқиға орнында куәгерлер қызыл жалынға оранған көліктен аспанға атқылап жатқан отшашуды бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісуде.

Өрттен жүк көлігінің тіркемесі толық жанып кетті. Куәгерлердің сөзінше, зардап шеккендер жоқ.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img